дүйсенбі, 10 наурыз, 2025 20:29

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

ХАМАС атысты тоқтату келісімінің екінші кезеңінде қалған тұтқындарды босатады

ХАМАС атысты тоқтату келісімінің екінші кезеңінде қалған тұтқындарды босатады
Фото: Anadolu Ajansı
ХАМАС атысты тоқтату келісімінің екінші кезеңінде қалған тұтқындарды босатады

ХАМАС-тың баспасөз хатшысы Хазем Касемнің мәлімдеуінше, Газадағы қалған тұтқындар тек атысты тоқтату туралы келісімнің екінші кезеңінде келіссөздер аясында ғана босатылады, деп хабарлайды ИРНА ақпарат агенттігі. 

Хазем Касем АҚШ-тың Таяу Шығыстағы мәселелер жөніндегі өкілінің Газа секторында атысты уақытша тоқтату жоспарын қабылдаған жоқ. 

— Газа секторындағы қарсыласу тобының қолындағы қалған сионистік тұтқындар бітімгершілік келісімінің екінші кезеңіндегі келіссөздер қорытындысы және тұтқындар алмасу келісімі қорытындысы бойынша ғана босатылады, — деп атап өтті Хазем Касем.

Оның айтуынша, Газа секторында атысты тоқтату келісімі үш кезеңнен тұрады, және атысты тоқтату келісімінің екінші кезеңіне өту ол басталған сәттен он алтыншы күнге жоспарланған. 

— Біз бұл процеске адалмыз, — деп атап өтті ол.

 Еске сала кетсек, ХАМАС Израильді келіссөздің екінші кезеңін кейінге қалдырды деп айыптады. 

Кейін Израиль Рамазан айында Газаға күш қолданбауға келісті. 

 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар