
Бұл туралы FlyArystan әуе компаниясының баспасөз қызметі мәлім етті.
- Бүгін, 2025 жылдың 23 ақпанында, Астана – Ақтау бағытындағы FS 7375 рейсін орындау барысында әуе кемесінің жоғарғы жүк сөресінде жолаушының сөмкесінен өрт шықты. Өртті әуе компаниясының бортсеріктері жедел сөндірді. Бортта 182 жолаушы болды. Әуе кемесі ұшу пунктіне оралып, қону штаттық режимде жүзеге асырылды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталғаннан кейін қосымша ақпарат беріледі, -делінген хабарламада.
Рейс Астана уақыты бойынша 17:10-ға ауыстырылды. Барлық жолаушыларға билеттерін тегін қайта брондау немесе ақшасын қайтару мүмкіндігі қолжетімді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.