Қостанай облысында жолда тұрып қалған 8 көлікпен бірге 100-ге жуық адам құтқарылды
- авторОймақ
- Бүгін, 14:51
- 33

Бұл туралы бүгін ҚР Төтегше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім болды.
- Бүгін түнде Амангелді ауданында Амантоғай ауылынан 22 шақырым жерде «Әулиекөл-Жалдама» автожолының жабық учаскесінде ТЖМ күштері 98 адамды, оның ішінде 18 баланы құтқарды. Құтқарылған 7 адам, оның ішінде 6 бала Амантоғай ауылының жылыту пунктіне жеткізілді. Сондай-ақ қар құрсауынан 8 жеңіл автомобиль жолдың тазартылған учаскесіне сүйретілді, -делінген хабарламада.
Сондай-ақ онда Сарыкөл ауданында Соналы ауылынан 5 шақырым жерде «Сарыкөл-Комсомольское» автожолында қар құрсауынан жолдың тазартылған учаскесіне 2 адам мінген жеңіл автокөлік сүйреп шығарылғандығы айтылған.
- Медициналық көмекке ешкім де мұқтаж болған жоқ, - деп жазды министрліктің баспасөз қызметі.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.