Әлем
Трамп АҚШ пен Ресей арасында Украинаға қатысты келіссөздердің екінші раунды туралы айтты
- авторОймақ
- 23 ақпан, 2025
- 33

Трамп АҚШ пен Ресей арасында Украинаға қатысты келіссөздердің екінші раунды туралы айтты
АҚШ президенті Ресеймен арадағы Украинаға қатысты келіссөздердің жаңа раунды туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Euronews.
АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы соғысты тоқтату туралы америкалық және ресейлік делегациялар арасындағы келіссөздердің жаңа кезеңі басталғанын жариялады, делінген C-Span қоғамдық хабар тарату желісіндегі мәлімдемеде.
Ол келіссөздердің 25-ші ақпан күні Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласында, сол қалада бір апта бұрын болған бірінші раундтан кейін өтетінін хабарлады.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.