жұма, 21 ақпан, 2025 19:04

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматы облысының бұрынғы әкімі дүниеден озды

Алматы облысының бұрынғы әкімі дүниеден озды
Сурет: kerekinfo.kz
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Жанболат Жөргенбаев өзінің Facebook-тағы парақшасында жазды.

Қоғам және мемлекет қайраткері, Алматы облысының бұрынғы әкімі Мұсаханов Аңсар Тұрсынханұлы дүниеден озды.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Жанболат Жөргенбаев өзінің Facebook-тағы парақшасында ақпарат жариялап, бөлісті.

“Ардақты азамат, асыл дос Мұсаханов Аңсар Тұрсынханұлының дүниеден озуына байланысты ы қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Осындай ауыр күнде қаралы көңілдеріңізге жұбаныш, қайысқан қабырғаларыңызға медет тілеймін. Өмірде болмысы бөлек, ұстанымы берік замандасымыздың айтар асыл ойлары мен халқына берер пайдасы мол еді.Өмірлік жолында адал еңбек етіп, абыроймен өткізген, оң істерінің жемісін қалдырған ардақты азаматтың жарқын бейнесі әрдайым жадымызда.Марқұмның жасаған жақсылықтары сауаптан жазылсын, жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Артында қалған ұрпақтарына және жақын туыс-бауырларына ұзақ өмір, амандық тілеймін. Жаратқан ұрпағына ұзақ ғұмыр нәсіп етсін. Асыл азаматтың иманы саламат болсын!”, – деді ол жазбасында.

Мұсаханов Аңсар Тұрсынханұлы – еңбек жолын ауылшаруашылығы саласынан бастап, ҚР Парламенті Сенатының экс-депутаты, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Алматы облысының әкімі, Жамбыл, Қарасай аудандарының әкімі лауазымдарын зор абыроймен атқарған. Облыстың, ауданның қоғамдық-саяси қызметтердің ортасында жүріп, жауапты қызметтерде халықтың ризашылығына бөленген мемлекеттік қызметкер.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар