
UFC қазақстандық жауынгері Шавкат Рахмоновтың тренері Эдуард Базров UFC 315 турнирінде титулдық жекпе-жектен бас тарту себептері туралы айтып берді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін қазақстандыққа қарсы жекпе-жектің орнына жартылай орта салмақтағы қазіргі чемпион Белал Мұхаммед австралиялық Джек Делла Маддаленамен жекпе-жек өткізетіні белгілі болған. Жаттықтырушының айтуынша, Рахмонов келесі жекпе-жекті осындай қысқа мерзімде өткізуге дайын емес екен.
"Маңызды да күрделі де ештеңе жоқ. Тек 10 мамырда біз толық дайын болмас едік. Біз экстремалды жекпе-жекке шыққымыз келмейді. Бұл өте маңызды қадам. Өте үлкен жауапкершілік. Сондықтан біз жақсы жаттығу жасап, дайындықтың барлық кезеңдерінен өткіміз келеді. Біз сонымен қатар, Рамазан айындағы оразаны ескере отырып, 10 мамырда белбеу үшін күресуге дайын емеспіз деп шештік", – деді Базров.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов әлеуметтік желілерден оған титулдық жекпе-жек ұсынылғанын мәлімдеді, бірақ ол жарақатқа сілтеме жасап, сегізбұрышқа барудан бас тартты.
"UFC-ге маған белбеуді бірінші болып жеңіп алу мүмкіндігін ұсынғаны үшін көп рахмет. Өкінішке орай, жарақатқа байланысты мен мамырға дайын болмаймын. Мен белбеу жеңімпазымен осы жылдың соңында айқасқа шығып, кездесемін!", – дейді қазақстандық файтер.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.