жұма, 21 ақпан, 2025 9:26

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Сенатор Нұртөре Жүсіп «Хабар» агенттігінің басшылығымен кездесті

Сенатор Нұртөре Жүсіп «Хабар» агенттігінің басшылығымен кездесті
фото сенат
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп «Хабар» агенттігі» АҚ кеңсесінде болды.

 

Нұртөре Жүсіп телеарна басшылығымен және қызметкерлерімен кездесу барысында Қазақстандағы медиа кеңістіктегі «Хабар» агенттігінің маңызды рөлін атап өтті. Агенттік құрылғаннан бері еліміздің жетекші ақпарат ресурсының бірі болып келе жатқаны және ұлттық теледидар мен жаңалықтар жеткізу қызметінің дамуына белсенді ықпал ететіндігі айтылды.

«Ауқымды аудиторияға әрқашан сапалы және маңызды ақпарат жеткізу «Хабар» агенттігінің басты миссиясы болды. Объективтілік пен ақиқат, жеделдік пен дербестік оның жұмысында негізгі ұстанымдар болып табылады. Кәсіби біліктілік пен журналистік стандарттарға адалдық елімізде де, одан тыс жерлерде де агенттікке сенім артуға мүмкіндік беріп келеді», - деп атап өтті Нұртөре Жүсіп.

Сенатор талқылау барысында отандық бұқаралық ақпарат құралдарын қолдауға бағытталған мемлекеттік реформалар туралы айтты. Ол Қазақстанның медиа саясаты сөз бостандығы мен журналистиканың тәуелсіздігі қағидатына негізделген заманауи және орнықты ақпараттық ортаны құруға бағытталғанын атап өтті. Реформаның негізгі бағыттары аясында отандық медианы қолдау, цифрлық технологияны дамыту, ақпарат бостандығын қамтамасыз ету және халықтың медиа сауаттылығын арттыру қажеттігіне тоқталды. Оның айтуынша, бұл шаралар еліміздің демократиялық институттары мен азаматтық қоғамын нығайта түсетін ашық және жауапты ақпарат кеңістігін қалыптастыруға ықпал етеді.

Отандық теледидарда рухани-мәдени мазмұнды дамытудың келешегі талқылаудағы маңызды тақырыптың бірі болды. Кездесуге қатысушылар қоғамдық қатынастарды үйлестіру, адамгершілік құндылықтарды нығайту және өскелең ұрпақты тәрбиелеу жөніндегі бағдарламаларға ерекше назар аудару қажеттігі туралы тоқтамға келді. Мұндай бағдарламалар топтамасы білім беру және ойын-сауық сипатында ұсынылуы мүмкін, бұл көрермендердің ұлттық дәстүрге деген құрметін қалыптастыруға, руханият пен әлеуметтік үйлесімді дамытуға ықпал етеді.

Сенатор Нұртөре Жүсіп кездесу соңында еліміздің медиа саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін журналистерге алғысын білдіріп, бұдан былайғы жұмыстарында шығармашылық табыс пен кәсіби шеберлікті шыңдауда тілектестігін жеткізді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар