Бокстан әлем және Азия чемпионы Мерей Ақшалов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz sportm.kz.сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан бокс федерациясы Президентінің бұйрығымен Мерей Ақшалов ҚБФ бас хатшысы қызметіне тағайындалды.
Мерей Ақшалов 1988 жылы 8 мамырда Аягөз қаласында (қазіргі Абай облысы) дүниеге келді. Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері. 2013 жылғы Әлем чемпионы, Азия чемпионы. 2010 жылғы Әскерилер арасындағы Әлем чемпионы. 2013 жылғы Азия құрлығының ең үздік боксшысы. 2013 жылғы Қазақстанның «Жыл спортшысы». 2008 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы. Спорттық мансабында 60 және 64 келіге дейін салмақ дәрежесінде жұдырықтасты.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ахмедов жекпе-жегін Астанада өткізеді
Ұқсас жаңалықтар
Бас бапкер Сәкен Бибосыновтың басынан өткен қиын кезеңдер туралы айтты
- авторОймақ
- 20 қаңтар, 2025