бейсенбі, 30 қаңтар, 2025 22:28

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Сарбаз Марат Барқұловты атып өлтірген жас офицер Дамир Досовқа үкім шықты

Сарбаз Марат Барқұловты атып өлтірген жас офицер Дамир Досовқа үкім шықты
Ulysmedia коллажы
Ол 13 жылға бас бостандығынан айырылды.

Астанада Әскери сот мерзімді әскери қызметте болған сарбаз Марат Барқұловты атып өлтірген жас офицер Дамир Досовқа үкім шығарды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап.

Сот үкімімен Дамир Досов қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (қасақана өлтіру) бойынша кінәлі деп танылып, 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Досов офицерлік атағынан айырылды. 

Еске салайық, биыл 14 ақпанда Астанадағы әскери сотта 19 жастағы сарбаз Марат Барқұловтың өліміне қатысты алғашқы сот отырысы басталған еді. Сот отырысына дау-дамаймен басталған. Журналистерді сот залына бірден кіргізбеген. Толығырақ осы тұста.  Соттағы соңғы сөзінде айыпталушы Дамир Досов қасақана өлтіргісі келмегенін, тапанша оқтаулы тұрғанын білмегенін айтқан еді.  Мемлекеттік айыптаушы оны 13 жылға соттауды сұрады.

Марат Ерболұлы Барқұлов өзінің туған ауылы – Шығыс Қазақстан облысының Самар ауылында жерленді. Ulysmedia тілшісі сол тұста Самар ауылына барған болатын. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар