сәрсенбі, 22 қаңтар, 2025 15:20

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Димаш "Халық сүйіктісі" атанды

Димаш "Халық сүйіктісі" атанды
Биылғы марапатқа екі номинация қосылған.

Әр номинацияға 7-8 адамнан ұсынылды десек, биылғы номинанттар саны – 85-ке жетті. Соның ішінде үздіктер 10 номинация бойынша анықталды. Олардың арасында дәрігер, ұстаз, спортшы мен қоғам белсендісі, мәдениет қайраткері секілді қоғамға еңбегі сіңген жандар бар. Бас-аяғы 300 мың адам өз «сүйіктілеріне» Lubimec.kz сайты арқылы дауыс берген.

«Халықтың сүйіктісі» ұлттық жүлдесінің авторы әрі ұйымдастырушысы Ғалым Байтоқтың айтуынша, биылғы марапаттың артықшылығы  – 2 номинацияның қосылуы. 

 – Өздеріңіз білетіндей, биыл Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі ғылым саласының дамуын басты назарға алды. Осыған орай біз де «Жылдың үздік ғалымы" деген номинацияны қостық. Сонымен қатар, соңғы кезде ел ішінде паралимдиадаға деген қызығушылық арта түсті. «Жылдың үздік сортшысы» номинациясынан бөлек «Жылдың үздік пара спортшысы» номинациясын қойдық. 

Меніңше, бұл ең ашық премия. Себебі халық өзі таңдайды. Дауыс беру әлеуметтік желілерде өтеді. Ең маңыздысы  – дауыс берушілер үміткерлерді өздері ұсынып, өздері анықтайды. Әділ қазылар тек  есімдерін жария етеді, – деді жоба авторы Ғалым Байтоқ.

Ұлттық сыйлықтың «Жыл ғалымы» номинациясы бойынша ғалым Мақсат Жабағин ие болса, «Жылдың үздік параспортшысы» парадзюдодан Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек атанды.  Ал  «Жыл парламентариі» аталымымен – депутат Асхат Аймағамбетов, «Жылдың үздік спортшысы» – дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов иеленді. Сондай-ақ Димаш Құдайберген ұлттық сыйлықтың биыл төртінші рет лауреаты атанды. Сыйлық алуға әншінің өзі емес әкесі Қанат Айтбаев келді.

 –  Халықтың  ықыласынан, ілтипатынан асқан марапат жоқ. Әсіресе, қай мамандықтың иесі болса да, ел алдында өз саласының майталман маманы атану – үлкен бақыт. Біз үшін бұл  – үлкен баға. Әрдайым Димашты қолдап отыратын қолдаушыларына отбасымыздың атынан алғысым шексіз. Ұл-қыз өсіріп отырған барлық ата-анаға тілерім,  балаларыңыз осындай марапатқа ие болып, мерейлеріңіз үстем болсын!, – деді Қанат Айтбаев.

13 рет өткізіліп отырған «Халықтың сүйіктісі» жүлдесін есту жүйесіне алғаш рет күрделі ота жасаған дәрігер Медет Маханбет жеңіп алды. Ол Қазақстанда алғаш рет ортаңғы құлаққа эндоскопиялық трансканалды ота жасаған.

«Бұл ота дабыл жарғағына механикалық зақым келген науқастарға жасалады. Қазіргі күні 170-ке жуық адамға операция жасадым. Операциядан кейін адамның есту қабілеті өте жақсы көтеріледі. Естімей қалудың екі себебі болады, бірі – дабыл жарғағына, құлақ сүйектеріне келген зақымнан болса, екіншісі – кәріліктен және жүйке жүйесінің бұзылысынан болады. Біздің тәсіл біріншісіне келеді», – деді ол.

Одан бөлек, «Халықтың сүйіктісі-2024» ұлттық сыйлығын депутат Асхат Аймағамбетов, қоғам қайраткері Майра Әбенова, тележүргізуші Мөлдір Доспаева иеленді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар