Таразда ер адам мен әйел бесінші қабаттың балконынан құлап кетті
- авторОймақ
- 9 қаңтар, 2025
- 37
Таразда ер адам мен әйел бесінші қабаттың балконынан құлап кетті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Қалалық полиция департаменті мәлімдеп отыр.
“Бесінші қабаттан 26 және 38 жастағы екі адам құлап,абырой болғанда екеуі де жапсарлас салынған құрылыстың шатырына түскен.Құтқарушылар мен дәрігерлер оларды зембілмен шатырдан алып шықты. Куәгерлердің айтуынша, екеуі де мас болған. Олардың не себепті терезеден секіргені белгісіз” , – делінген полиция хабарламасында.
Қазір жергілікті полиция мән-жайды анықтап жатыр.
«Омыртқа жарақатымен ер адам ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Науқасқа ота жасалды. Жамбас сүйегі сынған әйел травматология бөлімінде жатыр. Жағдайы орташа, тұрақты», – дейді Тараз қалалық көпсалалы ауруханасының травматология бөлімінің дәрігері Мислим Ризманов.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Қарағандыда тұрғын үй өртеніп, екі бала көз жұмды
Ұқсас жаңалықтар
Үй алып берем деп алдаған: тұрғындар 20 миллион теңгесінен айрылыпты
- авторОймақ
- 9 қаңтар, 2025