Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар жолда жүк көлігі мен жеңіл машина соқтығысты, деп хабарлады turkystan.kz СҚО полиция департаментіне сілтеме жасап.
Мәлімет бойынша, оқиға «Жезқазған-Петропавл» тас жолында, Есіл ауданының Покровка мен Петровка елді мекендерінің аралығында болған. "Howo" және "Toyota Camry" көліктері соқтығысып, салдарынан жеңіл машинаның 43 жастағы жүргізушісі сол жерде көз жұмды.
Toyota Camry көлігінің төрт жолаушысы: 45, 20 жастағы ересектер және 16 мен 17 жастағы жасөспірімдер түрлі жарақатпен емдеу мекемелеріне жеткізілді.
Howo рулінде 62 жастағы ер адам болған. Медициналық куәландыру оның спирттік ішімдік ішпегенін көрсетті.
Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары тергеу амалдарын жүргізіп, тиісті сараптамалар жасап жатыр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.