сенбі, 28 желтоқсан, 2024 12:17

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Оралда көптен күткен № 31 мектептің ашылуы өтті

Оралда көптен күткен № 31 мектептің ашылуы өтті
фото Жаңа адамдар
Құрылыс басқармасының басшысы уәдесінде тұрды.

Биылғы жылдың ақпан айында Жаңа адамдардың «Халық қаһары» азаматтық науқаны белсенділері ұзақ мерзімді құрылыс аумағына мектеп тақтасы түріндегі «бос уәделер» ескерткішін орнатқан болатын. Белсенділер, ата-аналар, ұстаздар мен Орал қаласының дамуына бей-жай қарамайтын  тұрғындар жиналып, импровизацияланған ата-аналар жиналысын өткізді. Жиналыста олар БҚО құрылыс басқармасының басшысы Алибек Антазиевке арнап, жолдау қалдырды. Оған халық антижүлдені — жауапкершігі мен оралдықтарға берген уәделерін еске салатын ЛРТ бағаны түріндегі мүсіншені табыстады.

Антазиев Жаңа адамдарға Оралдағы № 31 мектептің құрылысы 2024 жылдың соңына дейін аяқталады деп  уәде еткен еді Өздеріңіз көріп тұрғандай, ол уәдесінде тұрды. Бұрын басқа оқу орындарына ауысуға мәжбүр болған балалар құжаттарын қайтып алып, өздерінің туған мектебіне оралуда. Осы оқиғаға орай белсенділер БҚО құрылыс басқармасының басшысынан «Халық қаһары» антижүлдесін қайтарып алуға дайын. Жаңа адамдар мен жергілікті тұрғындар үшін бұл — маңызды жетістік және кезекті үлкен жеңіс.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар