Әлеуметтік желілерде Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаева бірінші жұбайы Сара Алпысқызы өмірден өтті деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.
Алайда мұны Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жоққа шығарды.
Отандық БАҚ журналистерінің Сара Алпысқызына қатысты сауалына жауап бере отырып, желіде тараған оның қайтыс болғаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдегім келеді,- деп жазды ол өзінің X парақшасында.
Айта кетейік, Сара Назарбаева 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданының Қызылжар ауылында дүниеге келген. 1992 жылы ол «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорын құрды. «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани құндылықтарды жаңғырту бойынша білім беру жобасының авторы.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Оралда көптен күткен № 31 мектептің ашылуы өтті
Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде мұғалім мен тіс технигі есірткі дайындаумен айналысып, куәгерді өлтірген
- авторОймақ
- 27 желтоқсан, 2024