Сенат Төрағасы Ақтау маңында ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты
- авторОймақ
- 26 желтоқсан, 2024
- 32
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ақтау маңында болған ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
"Кеше Маңғыстау облысында болған ұшақ апаты бәріміздің қабырғамызды қайыстырды. Өкінішке қарай, апат салдарынан экипаж мүшелері мен жолаушылар қаза тапты. Олардың арасында Қазақстан азаматтары бар екені белгілі. Осыған байланысты барлық қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз", – деді Мәулен Әшімбаев.
Сенат спикері төтенше жағдайға байланысты Президентіміздің тапсырмасымен мемлекеттік комиссия құрылғанын еске салды.
"Соған сәйкес тиісті органдар дереу іске кірісіп, құтқару операциясы аясында қажетті шаралар қабылданды. Дер кезінде қолға алынған осындай жұмыстар зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне оң әсерін тигізеді деп сенеміз", – деді Сенат төрағасы.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.