№11 ЖББ мектепте 2024 жылдың 20 желтоқсанында «Шетелдік тағылымдама» жобасын жүзеге асыру бойынша мұғалімдер мен оқушылар арасында қалалық семинар өтті.Бұл семинарға қатысушылар білім сапасын арттыру үшін мектебіміз Сингапур мектептерінің тәжірибесі негізінде мектебімізге енгізілген «Мақсатқа бірге жетеміз!», «Табыс қанаты», «Оқушы-оқушы» сияқты басты жобалар туралы ақпарат алды.
Бұл жобалардың басты мақсаты, оқушының жеке қажеттіліктерін ескеріп, ілгерілеу үдерісін бақылауда ұстау, ата-аналармен бірге жұмыс жүргізу, үлгерімінде бір және екі үштік бағасы бар оқушыларға оқытушы-тәлімгер тағайындап, тиімді оқыту әдістері арқылы оларды білім сапасын жақсартуға ынталандыру және орта - кіші сыныптар арасында бір-біріне қолдау көрсетіп, көмек қолын созу жүйесін құруға бағытталған.
Жоба аясында мұғалім- ата-ана – оқушы, мұғалім-оқушы, оқушы -оқушы үштігін құрып, бір-біріне тәлімгер рөлі арқылы тәрбиеленушілердің коммуникативті дағдыларын дамытуға мүмкіндік алады. Жұмыстың бұл түрі әртүрлі жастағы оқушылар арасында тұрақты байланыс орнатуға көмектеседі.
Осы жобаларды жүзеге асыру үшін, оқушылармен жұмыс істеген тәлімгер-ұстаздар, ата-аналар, және тәлімгер- оқушылар семинар барысында сөз алып, әрқайсысының қазіргі кезде жақсы нәтиже бере бастаған жұмыстары туралы түрлі мысалдар келтіріліп, баяндаулар жасады, мектеп психологі тарапынан сыныптарда оқушылар қоғамдастығының жалпы жетістігіне жетелейтін түрлі психологиялық, шабыт беретін сабақтар өткізіліп тұратындығы айтылды.
Болашақта бұл 3 жоба жағымды орта құрып, оны нығайтуда, көптеген оқушыларға білім және тәрбие беру үдерісін дамытуда жан-жақты мүмкіндік береді деп күтілуде.
Сонымен қатар біздің мектебіміз Сингапурлық білім беруді енгізу жолында 2019-жылы енгізілген инклюзивті білім беруге баса көңіл бөлуде. Әсіресе,
ерекше білім алу қажеттіліктері бар оқушының психологиялық және физикалық жағдайын ескере отырып, оларды шығармашыл ортаға тарту арқылы, өзін кем сезіну комплексінен айықтыру, оларды табысқа апаратын жағдай туғызу, мұнда оқушының шығармашылық қабілетіне баса мән беріп, оның еңбегін мадақтау, оның барлық бастамаларын қолдау, мақтау маңызды.
Біздің мектептің негізгі міндеті – өсіп келе жатқан ұрпақты қазіргі әлемде өзін-өзі таныту мен әлеуметтік бейімделуге әр оқушының жеке қабілеттері мен тілектерін көре отырып, алға жылжуға дайындау. Ата-аналардың тарапынан психологиялық көмек, баланың қоғамда бейімделуіне көмектесу болып табылады.
Сингапур әдістемесі тәжірибесін тарату шеңберіндегі өткізілген семинар директорлардың орынбасарлары мен барлық қатысушылар үшін маңызды
іс-шара болды.
Онда көрсетілген барлық жобалар, тәрбие мен оқу үдерісін ұйымдастырудан бастап, ата - аналармен қарым-қатынасты қалай жақсартуға болатынын терең түсінуге мүмкіндік берді. Семинар шеңберінде біз заманауи мектеп білімінің негізгі аспектлерімен танысуға және инновациялық тәжірибені енгізу туралы білімімізді кеңейтуге мүмкіндік алдық. Біз үшін мұндай кездесулер кәсіби өсу үшін үлкен маңызға ие.
Салтанат Агыбаева,
№11 ЖББ директоры
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.