жұма, 20 қыркүйек, 2024 14:58

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Тайландпен жаңа виза келісімі жасалуы мүмкін

Тайландпен жаңа виза келісімі жасалуы мүмкін
фото ашық дереккөздерден алынды
Сыртқы істер министрлігі екі ел үкіметі арасындағы ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қою туралы қаулы жобасын әзірледі.

Қазақстан Таиландпен 30 күндік визасыз режим туралы жаңа келісім жасамақшы. Қазақстандықтар бұған дейін де Таиландқа визасыз кіру мүмкіндігіне ие болған.

 

Сыртқы істер министрлігі екі ел үкіметі арасындағы ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қою туралы қаулы жобасын әзірледі. Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Құжатқа сәйкес, бір тарап мемлекетінің азаматтары, қолданылу мерзімі келу күннен бастап кемінде алты ай болуға тиіс жарамды жол жүру құжаттардың иелері екінші тарап мемлекетінің аумағына келу, кету, транзитпен өту, уақытша болу үшін олардың келген күннен бастап күнтізбелік 180 күннің әр кезеңі ішінде жиынтығы күнтізбелік 90 күн болатындай күнтізбелік отыз күннен аспайтын кезеңге визалық талаптардан босатылады. Егер сол адамдар екінші тарап мемлекетінің аумағында күнтізбелік отыз күннен артық болуға ниет білдірсе, сол тарап мемлекетінің заңнамалары мен қағидаларына сәйкес талап етілетін тиісті виза алуға тиіс. Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/society/2067489-qazaqstan-tailandpen-zana-vizasyz-kelisimge-qol-qoyuga-nietti/

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар