жұма, 22 қараша, 2024 4:23

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Әскери техникаға байланысты қауесет таратпауды өтінді

Әскери техникаға байланысты қауесет таратпауды өтінді
https://t.me/modgovkz
Қорғаныс министрлігінің ресми мәліметіне қарағнада наурыздың 13 күні Ақмола гарнизоны әскери бөлімдерінің қызметкерлері Астана маңындағы белгілі аудандарға әскери техникамен марш жасамақ. Осыған байланысты министрлік техниканы көрген азаматтардан түрлі қауесет таратпауды өтінді.

«Қарулы күштердің жауынгерлік дайындық бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылдың 13 наурызында Ақмола гарнизоны әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері Астана қаласының маңындағы белгіленген аудандарға жауынгерлік техникамен марш жасайды.

Іс-шара гарнизон әскери бөлімшелері күштері мен құралдарының жауынгерлік әзірлігін кешенді тексерудің кезекті кезеңіне бағытталған. Аталған уақыт аралығында елорданың маңында, сондай-ақ Қарағанды трассасында әскери техника легі өтіп бара жатқан кезде жолдарда көлік құралдары қозғалысының уақытша шектеулері енгізілуі мүмкін екенін хабарлаймыз.

Осыған байланысты азаматтардан өтіп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды және тыныштықты сақтауды сұраймыз. Сонымен қатар әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдар таратпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз»,-делінген министрліктің хабарламасында.

Oimaqnews

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар