бейсенбі, 12 желтоқсан, 2024 4:01

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Сенатор Нұртөре Жүсіп Қазақстан мен Швецияның денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастығын сарапшылармен бірге талқылады

Сенатор Нұртөре Жүсіп Қазақстан мен Швецияның денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастығын сарапшылармен бірге талқылады
фото сенат
Шараны Швеция Корольдігінің Елшілігі мен Швецияның Сауда және инвестициялық кеңесі ұйымдастырды.

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп жыл сайынғы Symbiocar бірінші гибридті семинарында жетекшілердің бірі ретінде сөз сөйледі. Шараны Швеция Корольдігінің Елшілігі мен Швецияның Сауда және инвестициялық кеңесі ұйымдастырды. Семинардың тақырыбы «Медициналық деректер негізінде денсаулық сақтауды трансформациялау: Швеция мен Қазақстанның болашағы. Қоғамдық денсаулық сақтаудағы зерттеулер мен инновацияның медициналық деректер мен медициналық тіркеудегі рөлі» болып отыр.

«Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Қазақстан өзінің еуропалық әріптестерімен бірге мемлекетаралық ынтымақтастықты белсенді жүргізіп келе жатқаны баршаға белгілі. Ол бүгінгі таңда шынайы стратегиялық әріптестік пен одақтастық рухында өркендеп келеді. Бұл ынтымақтастық, әсіресе, денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау салаларында аса маңызды. Қазақстан сонымен бірге азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған реформаларды жалғастырып келеді», - деп атап өтті Нұртөре Жүсіп.

Депутат талқылау барысында денсаулық сақтауды цифрлық трансформациялаудың маңыздылығы туралы мәселені көтерді. Ол жаңа цифрлық шешімдерді енгізу медициналық көмектің сапасын арттыруға және  халықтың барлық топтарына қолжетімділігін жақсартуға жол ашатынын атап өтті. Оның пікірінше, жасанды интеллект және басқа да инновациялық технология медицина мен денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді шешуге зор мүмкіндігі бар.

Сенатор шара соңында Қазақстан халқының денсаулығын жақсартуға және Швециямен денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған тиімді ұсыныстарды қалыптастыруға ықпал ететін осы семнарды ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар