бейсенбі, 12 желтоқсан, 2024 6:02

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов әкімшілік сот шешімімен 15 тәулікке қамалды

Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов әкімшілік сот шешімімен 15 тәулікке қамалды
фото: скрин
Бұл туралы отбасының адвокаттары айтты.

Әкімшілік сот шешімімен Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов бұзақылық бабы бойынша 15 тәулікке қамалды. Бұл туралы отбасының адвокаттары айтты.

Адвокаттар шешімге шағым түсірмекші. Қаржаубайдың қарындасы Бақыт та 15 күнге жабылған. Оған митингке шақырды деген айып тағылған. Сондай-ақ ол ел азаматы болмауына байланысты Қазақстаннан депортацияланады.

Одан бөлек Қаржаубайдың тағы бір қарындасы Салтанатқа бұзақылық бабы бойынша 20 АЕК айыппұл салынды. Жездесі Айғазыға байланысты сот бүгін таңертең өтеді.

Бұған марқұм Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың жерлеуінен кейін болған оқиғалар себеп болған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар