Қазақстандықтар енді 10 пайыз жарна салып, ипотекаға дайын үй ала алады.
- авторОймақ
- 10 желтоқсан, 2024
- 38
Қазақстандықтар енді 10 пайыз жарна салып, ипотекаға дайын үй ала алады.
Бұл туралы «Отбасы банк» басшысы Ләззат Ибрагимова бүгінгі Үкімет отырысында айтты.
«Біріншіден, көптеген сатып алушы үйді дайын күйде алуды қалайды. Өйткені жөндеу жұмыстарына шығын көбейіп кетеді. Сондықтан банк Тұрғын үй құрылыс компанияларының қауымдастығымен бірқатар кездесу өткізді. Олар порталға пәтерлерді дайын күйінде қояды, сатып алушылар порталдағы пәтердің (бастапқы жарнаның) 10% салу арқылы (сатып алуға) келісім береді. Бұл өзгеріс 2025 жылдың 1 қаңтарынан енгізіледі. Екіншіден, бағдарламаға қатысушы үшін салымшыда депозитте 1 млн теңге болуға тиіс. Конкурста жеңген салымшы аз уақыт ішінде пәтердің 20%-ын салуға тиіс. Қазір 2,5 мыңнан астам өтініштің 39%-ында ғана 20% болатын жарна бар. Сондықтан 2025 жылы бағдарламаға қатысушылардың депозитін 2 млн теңге болуын ұсынамыз. Бұл бағдарламаны іске асыруды тездетеді», – деді Ләззат Ибрагимова.
Ол бұл шешімді азаматтардың үй алуын жеңілдету үшін жасалып жатыр дейді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.