Танымал әнші Арман Көмекұлы жол ережесіне қатысты айыпты деп танылып, 15 күнге қамауға алынды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
“Кеше Шаляпин бойында келе жатқанымызда бізді жол-патрульдік полициясы тоқтатты. Себебі көлігіміздің сақтандыруы жоқ екен. Мен рөлді масаң күйде айдаған жоқпын. Ағама берген болатынмын. Ол да сап-сау еді. Сол кісіден күдіктеніп, сараптамаға алып барып, қанынан жағымсыз заттар табылды. Не керек, 15 күнге кетіп бара жатырмын. Жазықсыз кетіп бара жатқан секілдімін. Өйткені өзімнің көлігімді сау адамға бердім деп ойладым", – деп жазды әнші.
Әнші сонымен бірге сотқа апелляция беру үшін адвокат іздейтінін де мәлімдеді. Алайда көп ұзамай, парақшасынан жазбасын өшіріп тастады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Қазақ бапкері үздік атанды
Ұқсас жаңалықтар
"Қайрат екеумізге қатысты әңгіменің бәрі жалған: Сырым Исабаее қауесетті жоққа шығарды
- авторОймақ
- 17 желтоқсан, 2024