Таеквондодан Тунис құрамасына алтын алып берген қазақ бапкері Есбол Сұлтанов әлемнің ең үздік жаттықтырушысы атанды.
Гонконгта Дүниежүзілік таеквондо федерациясы (Workd Taekwondo) таеквондодан 2024 жылдың үздіктерін марапаттау рәсімін өткізді. Жылдың "Ең үздік бапкері" болып Тунис ұлттық құрамасының бас бапкері, қазақстандық маман Есбол Сұлтанов атанды.
Айта кетейік, Есбол Сұлтанов баптайтын Тунис құрамасының таеквондошысы Мохамед Халиль Жендуби Париж олимпиадасында чемпион атанса, 58 келі салмақта сынға түскен спортшысы қола жүлдені қанағат тұтқан еді. Сондай-ақ Есбол Сұлтанов жаттықтыратын Тунис елінің 4 таеквондошысы Париж олимпидасында жолдама алған.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.