сәрсенбі, 4 желтоқсан, 2024 12:44

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

«Отбасы мен мұғалім – табыстың кілті!» атты аудандық іс-шара өтті

«Отбасы мен мұғалім – табыстың кілті!» атты аудандық іс-шара өтті
фото: ашық дереккөз
Іс-шараның мақсаты – мектеп пен отбасының байланысын нығайту.

Бүгін №11 ЖБММ-де «МҰҒАЛІМ-ОҚУШЫ-АТА-АНА» тұжырымдамасы аясында «Сәттілік қанаттары» жобасы бойынша «Отбасы мен мұғалім – табыстың кілті!» атты аудандық іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты – мектеп пен отбасының байланысын нығайту, балалар мен ата-аналарды біріктіру, ұжымдық рухты тәрбиелеу болды.

6-сынып оқушыларынан 4 команда қатысты. Әр команданың өз ұраны, формасы және атауы болды. Іс-шараны мектеп директоры С. Ағыбаева ашып, қатысушыларға құттықтау сөзін арнады. Ол тәрбиенің маңызды әлеуметтік үдерістердің бірі екенін, оның күрделілігі шексіз қырларында екенін атап өтті. «Бала, ата-ана және сынып жетекшісі – теңқабырғалы алтын үшбұрыш, оның әр қыры басты рөл атқарады», – деп атап өтті ол. Сондай-ақ, аудандық іс-шараның сәтті өтуіне тілек білдірді.

№11 ЖББМ әкімшілігі №84 және №85 мектептердің дене шынықтыру пәні мұғалімдері  А.Мұхамадиев мен Ж.Қ Баққожаға  және 6-сыныптардың сынып жетекшілерінің қолдауымен іс-шараға белсенді қатысқан ата-аналарға шынайы алғысын білдіреді.

Балжан Мейрбекқызы Ахлбекова,
ағылшын пәні мұғалімі

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар