сәрсенбі, 4 желтоқсан, 2024 12:40

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтерді

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтерді
Ұлттық банк
Шешім жаңартылған болжамдар мен инфляция тәуекелдері балансының бағалауын ескере отырып қабылданды

Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,25% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz   Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

–Шешім жаңартылған болжамдар мен инфляция тәуекелдері балансының бағалауын ескере отырып қабылданды,- делінген банк хабарламасында.

Реттеушінің бұл шешіміне Қазақстандағы жылдық инфляцияның қазан айында 8,5%-ға дейін өскені әсер еткен. Бұл «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыру аясында реттелетін қызметтердің айтарлықтай қымбаттауы мен теңгенің әлсіреуі салдарынан орын алғанымен түсіндіріледі.

–Оған қоса инфляцияның орнықты бөлігі де өсуде.  Жоғары  ішкі  сұраныс  жағдайында  азық-түлікке  жатпайтын  тауарлар  мен  нарықтық  қызметтер  бағасының өсуі инфляцияның жеделдеуіне ықпал етті. Бюджеттің кіріс бөлігін орындамауына байланысты жалғасып жатқан фискалдық ынталандыру есебінен экономика ішіндегі проинфляциялық қысым сақталуда,- делінген хабарламада.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар