Су тасқынына қарсы шараларға бөлінген қаражатты ұрлағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлайды.
Ақмола облысының арнайы прокурорлары Атбасар ауданының әкімдігіне қарасты құрылыс бөлімі, «Престиж Строй 7» және «Фундаменталь» ЖШС-ның басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Олар 300 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырғаны үшін айыпталды.
– Аталған қаражат 2021 жылы Үкімет резервінен Атбасар ауданында су тасқыны аймағында тұратын 200 отбасын көшіру үшін екі бөлмелі 100 пәтерлі үй салуға бөлінген. Күдіктілердің әрекеттері аса ірі көлемде жымқыру, талан-таражға салу, яғни Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі бойынша сараланды. Көрсетілген бап бойынша мүлкін тәркілеумен қоса, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Екі күдікті сот санкциясымен күзетпен ұсталса, олардың үшінші серіктесі үйқамаққа алынды, – делінген ведомство хабарламасында.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Филиппиндік бала күтуші өзіне жала жапқан кәсіпкерден моральдық шығын өндіріп алды
- авторОймақ
- 6 желтоқсан, 2024
Оралда әскерге шақырылған жігіт қашпақ болып, үшінші қабаттан құлап кетті
- авторОймақ
- 5 желтоқсан, 2024