Саясат
                                    
                                        
                                            
                                        
                                    
                                
                                Будапешттегі Король сарайында Қазақстан Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті
- авторОймақ
 - 20 қараша, 2024
 - 653
 
                                    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
                                Мажарстанға мемлекеттік сапармен келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Будапешт қаласындағы Король сарайының Арыстандар алаңында ресми қарсы алу рәсімі өтті.
Мемлекет басшысын әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан қарсы алды.
Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Содан кейін Құрмет қарауылы мен салт атты гвардия салтанатпен сап түзеп өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
                                    Автор
                                    
                            Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





