Жамбыл облысында салмақ бақылау тәртібін бұзушыға айыппұл салынды
- авторОймақ
- 21 қараша, 2024
- 100
Көлік министрлігінің Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері ауыр салмақты жел генераторларының бөлшектерін тасымалдайтын «М нефтьСервис» ЖШС-нің көлік құралдарын өлшеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Өлшеу нәтижесі бойынша орта есеппен алғанда көлікке тиелген артық жүк мөлшері 85 тоннаны көрсетті. Осылайша, ел бюджетіне түсетін қосымша қаражат 26 млн 850 мың теңгені құрады.
«ҰССО» АҚ геодезисті мен мамандары өлшеу рәсімінде қолданылған таразы жабдығы мен алаңға қойылатын талаптардың сәйкестігін растады. Ауыр жүкті өлшеу тасымалдаушы «М нефтьСервис» ЖШС директорының және Бас көлік прокуратурасы өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылды.
Көліктік бақылау нәтижесі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы 22 хаттама толтырылды:
1) арнайы рұқсаттағы салмақ параметрлері 85 тоннаға асқаны;
2) жүргізушілердің еңбек және демалыс тәртібін бұзуы;
3) лауазымды адамдарға жұмыс барысында кедергі жасау;
4) халықаралық тасымалдауға рұқсат картасының болмауы.
Бұған дейін бұл тасымалдаушы өлшеу рәсімінен бас тартып, БАҚ арқылы шындыққа жанаспайтын жалған ақпарат таратты.
Естеріңізге сала кетейік, көлік құралдарының салмағын дер кезінде өлшемеу жолдың мерзімінен бұрын тозуына әкеледі.
"Көлік министрлігі ауыр жүк көліктеріне көліктік бақылауды күшейтеді. Барлық жүк тасымалдаушыларды көлік заңнамасының талаптарын қатаң сақтап, салмақтық және габариттік параметрлерді нормадан асырмауға шақырамыз", - делінген хабарламада.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
"Шайн мускат" жүзімі қауіпті ме – сараптама шықты
Ұқсас жаңалықтар
Филиппиндік бала күтуші өзіне жала жапқан кәсіпкерден моральдық шығын өндіріп алды
- авторОймақ
- 6 желтоқсан, 2024
Оралда әскерге шақырылған жігіт қашпақ болып, үшінші қабаттан құлап кетті
- авторОймақ
- 5 желтоқсан, 2024