жексенбі, 8 желтоқсан, 2024 19:15

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Параспортты дамыту ерекше назар аударуды талап етеді

Параспортты дамыту ерекше назар аударуды талап етеді
фото сенат
Парламентшілер бірыңғай мемлекеттік бағдарлама әзірлеуге назар аударуды ұсынды.

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары «Бұқаралық спорт пен параспорттың қазіргі жағдайы мен даму тенденциялары» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізді. Шара Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында өтті.

Комитет төрағасы Нұртөре Жүсіп өз сөзінде салауатты өмір салтын қалыптастыру мен ұлт денсаулығын нығайтуда бұқаралық спортты дамыту шешуші рөл атқаратынын атап өтті. Оң өзгерістерге қарамастан, спорттық инфрақұрылым және оған қол жеткізу әлі де проблема болып қала беретіні айтылды.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спорттың әлеуметтік саясаттағы маңызын бірнеше рет атап өткен болатын. Бүгін біз мемлекеттік қолдаудың өскенін көріп отырмыз. Дегенмен, жастар мен ерекше қажеттіліктері бар адамдарды спортқа тартуда жүйелі жұмысты күшейту қажет. Параспортты дамыту әлеуметтік инклюзия құралы және тең мүмкіндіктер ретінде ерекше назар аударуды талап етеді», - деп атап өтті сенатор.

Талқылау барысында параспортшылардың спорт нысандарына қол жеткізу мүмкіндігінің төмендігі, өңірлерде бұқаралық спортты қаржыландырудың кенже қалғаны және жаттықтырушылар құрамының біліктілігін арттыру мәселелері көтерілді. Сенаторлар жастарды спорт арқылы тәрбиелеудің маңыздылығына да назар аударды.

«Бұқаралық спорт – бұл физикалық денсаулықты нығайту құралы ғана емес, сонымен қатар тәрбие берудің, тәртіп пен әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастырудың қуатты құралы. Коммуникацияның заманауи әдістерін қолдана отырып, жас ұрпақ арасында спортты насихаттау бойынша жұмыс істеу керек», - деп атап өтті Нұртөре Жүсіп.

Парламентшілер отырыс барысында спорт саласын цифрландыру және бұқаралық спорт пен параспортты дамытуға бағытталған бірыңғай мемлекеттік бағдарлама әзірлеуге назар аударуды ұсынды. Саладағы ағымдағы проблемаларды шешу үшін спорт инфрақұрылымын дамытуға байланысты заңнаманы қайта қарау қажет екені айтылды. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленді, олар салалық мемлекеттік органдарға жіберілетін болады.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар