Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Бас тақырып» бағдарламасына берген сұхбатында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмысының нәтижесі ретінде «Алашорда ісі» деп аталатын 12 томдық жарық көретінін айтты.
«12 томда жарияланатын материалдардың көбісін алаштанушы ғалымдардың өздері әлі көрмеген. Бұл – үлкен ғылыми жаңалық. Қазірдің өзінде сол 12 томның 8 томы баспадан шықты. Қалған 4 томы басылуда. Мұнда Алашорда қайраткерлеріне арналған материалдар мен істердің барлығы алғаш рет жарияланады, ғылыми айналымға алғаш рет енгізілгелі отыр. Бұл 12 том алдағы бірнеше онжылдықтарға ғалымдарға біраз азық болатын материалдар. Осының негізінде талай диссертациялар, зерттеулер, кітаптар жазылып, фильмдер түсірілетін болады», – деді Мемлекеттік кеңесші.
Бұл жинақ алдымен ғылыми институттар мен жоғары оқу орындарына жіберіледі.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Президент Оман сұлтанына құттықтау хатын жолдады
Ұқсас жаңалықтар
Елена Әбдіхалықова: Димаш көкжиекке көз тігіп, әлемге қанат жайып отыр
- авторОймақ
- 16 ақпан, 2026
Менің атым – Амантай: танымал журналист шын есімі қандай екенін айтты
- авторОймақ
- 13 ақпан, 2026






