дүйсенбі, 25 қараша, 2024 12:31

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Уақытты бір сағатқа кері шегеруді ұмытпа!

Уақытты  бір сағатқа кері шегеруді ұмытпа!
фото: Aikyn.kz
Ертең Қазақстан  тарихындағы маңызды қадам жасалмақ. Яғни бүгін,  2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні республиканың бірден 15 өңірі сағат тілін бір сағатқа кері шегереді.

Ертең Қазақстан  тарихындағы маңызды қадам жасалмақ. Яғни бүгін,  2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні республиканың бірден 15 өңірі сағат тілін бір сағатқа кері шегереді.

Тек Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстары өздерінің үйреншікті уақытында қалады, өзге өңірлер солармен теңеседі. Осылайша, Қазақстан жалғыз, бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді. 

 Министрліктер бұған жол бермеу үшін не істеу керегі жөнінде төл нұсқаулықтарын шығара бастады. 

Мысалы, мамандар бұл күні дұрыс реттелмесе, ақпараттық жүйелерде, ұялы байланыс желісінде, автоматтандырылған өндірістерде кең ауқымды ақаулар болуы мүмкін дейді. Бұған жол бермеу үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі барлық кеңсе, мекеме, бизнес пен жеке тұлғаға бағдарламалық қам­тылымын соңғы нұсқаға дейін жаңартуға кеңес берді.  

«Көптеген пайдаланушы ұя­­­лы телефоны мен құрылғының ақпараттық жүйелерінен Қазақ­­­­станның бірыңғай уақыт бел­­­­деуіне (UTC+5) көшетіні туралы хабарламалар ала бастады. Цифр­­­лық даму министрлігі қазақ­­­­стандықтарға оларды жаңарту және жаңа уақыт белдеуіне уақ­­­тылы көшу бойынша әмбебап нұсқаулықтарды ұсынады. Бұл хабарламаларды алмаған азамат­­­тар олардың жоқтығына алаңда­­­­мауы керек. Құрылғының бағдар­­­­ламалық қамтылымын соңғы нұс­­қаға дейін жаңарту қажет», – дейді министрлік өкілдері.

Ұялы байланысты  автоматты жа­­­ңарту қосулы болса, уақыт авто­­­­матты түрде өзгереді. Егер олай болмаса, оны қолмен өзгертуге тура келеді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар