Қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды: ТЖД балықшыларға ескерту жасады
- авторОймақ
- 11 қараша, 2024
- 129
ШҚО ТЖД азаматтардан балық аулауға шыққанда, қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.
Балықшылар синоптиктердің болжамдарын қаперге ілмей, ескермей жатады. Дауылды ауа райында балық аулауға барады. Тексерілмеген, ақаулы жүзу құралдарын пайдаланады.
ШҚО ТЖД мамандары балық аулауды ұнататындарға, су айдынына барар алдында ауа райы болжамымен алдын ала танысып, маусым бойынша киініп, ұялы телефон теңгерімін толтыру, сондай-ақ батарея қуатын тексеру қажет екенін еске салады.
— Әрбір балықшыға құтқару кеудешесін киюді және ұзындығы 12-15 метр бау түріндегі құтқару құралының болуы ұсынылады. Оның бір ұшында салмағы 400-500 грамм жүк бекітілуі тиіс, ал екінші ұшында ілмек дайындалуы тиіс, — деп ескертті мамандар.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Филиппиндік бала күтуші өзіне жала жапқан кәсіпкерден моральдық шығын өндіріп алды
- авторОймақ
- 6 желтоқсан, 2024
Оралда әскерге шақырылған жігіт қашпақ болып, үшінші қабаттан құлап кетті
- авторОймақ
- 5 желтоқсан, 2024