жұма, 22 қараша, 2024 8:16

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Сот Трамптың праймеризге қатысуын шектеді

Сот Трамптың праймеризге қатысуын шектеді
Фото: Andrew Harnik/AP Photo/picture alliance
АҚШ-тың Иллинойс штатының соты экс-ппрезидент Дональд Трамптың сайлауалды праймеризге қатысуына тыйым салды. Осылайша Трампты республикашылдардың алдында ала сайлау бюллетенінен сызып тастаған үшінші штатқа айналды.

29 ақпанда Иллинойс  штатының соты  наурыз айының 19 күні  республикашылдар арасындағы праймеризге  Трамптың қатысуын шектеді. Бұл дегеніңіз Дональд Трамп осы штатта президенттіктен үміткер ретінде сайлауға қатыса алмайды деген сөз. Судья Трейси Портер мұндай шешімді АҚШ Конституциясындағы 14 түзетуге сүйене отырып қабылдапты. Конституцияға енгізілген осынау түзетуде  бүлікке қатысқан  шенеуніктің мемлекеттік қызмет істеуіне тыйым салынған. Трамптың үстінен Free Speech For People адвокаттар тобы  шағым түсіріпті. Бұдан бұрын мұндай шешімді Колорада және Мэн штаттарының соттары шығарған. Жалпы Дональд Трампты  праймеризге  жібермеу туралы талап-арыз 16 штаттың сотына  берілген. Колорадо және Мэн штаттарындағы праймериз 5 наурызда өтеді. Қазір Трамптың аппелляциясын АҚШ  Жоғарғы соты қарап жатыр. Бірақ Колорадо  штаты сотының шешімі ғана қарастырылуда.

Америкалықтар Трамп жақтастарының 2021 жылдың 6 қаңтарында Капитолийге шабуыл жасағанын жиі еске алады. Аталған оқиға салдарынан 5 адам өліп, 140 полиция қызметкері жараланған еді.  Трамптың жақтастары 2020 жылғы сайлау әділ өтпеді деп санайды. Ал АҚШ Конгресі Трампты   өз жақтастарын бүлік жасауға шақырған деп айыптаған. Бірақ Трамп оны жоққа шығарумен келеді.

 

Oimaqnews

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар