Жақында ғана әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған Ержет Жарылқасын әлемнің ең үздік балуандарының көшін бастады.
Грек-рим күресінен Албаниядағы олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша өткен әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізген Ержет Жарылқасын әлемнің ең үздік балуандарының көшін бастады. 63 келі салмақта өнер көрсететін отандасымыз Біріккен күрес әлемінің (UWW) жаңартылған әлемдік рейтингінде ең үздік балуандардың алдында тұр. Ержет 47000 ұпаймен әлем чемпионатының финалында ұтылған әзірбайжандық Нихат Маммадлиді артта қалдырған. Ал үздік үштікті 31000 ұпаймен армениялық Карен Асланян қортындылап тұр.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Келесі мақала