бейсенбі, 21 қараша, 2024 22:43

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Өмір – күрес, күрес әрі қарай жалғасады": Айгүл Орынбек әлеуметтік желіде жазба жариялады

"Өмір – күрес, күрес әрі қарай жалғасады": Айгүл Орынбек әлеуметтік желіде жазба жариялады
Фото: aigulorynbek_kz/instagram
Заңгер қандай жағдайда да өзін халық қолдайтынын жеткізді.

Белгілі заңгер, Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңес мүшесі Айгүл Орынбек өзінің ұсталғаны туралы ақпараттан кейін желіде жазба жариялады. 

Ол  сыбайлас жемқорлықпен күрес жолында кедергілер мен жала жабу болып тұратынын айтады. Оны жемқорлар мен сыбайластар өздерінің қылмысы ашылмас үшін жасайды деп есептейді.

“Қоғам белсендісі болған күннен бастап, маған жала мен қаншама қылмыстық іс ашылып, қылмыс құрамы болмаған соң жабылған?! Шыны керек, басымнан өтіп жатқан қылмыстық істердің, соттардың бірде-біреуін халыққа жарияламағанмын. Ел алдында жүрген соң, әр ашылған іске сорам ағып жылап жүрсем, халықтың болашаққа деген үміті үзіледі емес пе? Мен өзімнің жасаған әрбір іс-әрекетім заңды екеніне нық сенімдімін”, – дейді заңгер.

Айгүл Орынбек қандай жағдайда да өзін халық қолдайтынын жеткізді.

“Осыншама халық мені қолдағанын оқып, қуанып отырмын. Мені қолдауға жиналудың қажеті жоқ, менде бәрі жақсы. Артымда мен үшін жиналатын бір қауым ел барына көздерің жетті ме?! Маған қатысты заңсыз іс-әрекет жасағандар, аяғымнан шалғысы келгендер, жалған ақпарат таратқандар заң алдында жауап бересіңдер! Өмір – күрес, күрес әрі қарай жалғасады”, – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін желіде шымкенттік заңгер Айгүл Орынбек ұсталды деген хабар тараған болатын. Шымкенттік Полиция департаменті ақпаратты жоққа шығарды. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар