сейсенбі, 5 қараша, 2024 20:46

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Павлодарда тәрбиеші мүгедектігі бар балаларды ұрып-соққан

Павлодарда тәрбиеші  мүгедектігі бар балаларды ұрып-соққан
Фото: pexels
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша тексеріс жүргізілуде.

Павлодардағы әлеуметтік мекемеде мүгедектігі бар балаларды ұрып-соққан, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Облыс прокуратурасы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарда тұратын кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша тексеру жүргізді.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің облыстық психоневрологиялық балалар орталығы» КММ-нің бейнебақылау камераларын қарау кезінде тәрбиеші тарапынан кәмелетке толмағандарды ұрып-соғудың бірнеше фактілері анықталды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Кәмелетке толмағандарды қинау белгілері бойынша орталықтың қызметкерлеріне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, полиция департаментіне тапсырылды.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар