жұма, 20 қыркүйек, 2024 10:52

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қырғыздар ажырасқан әйелдерге желіге жазуға тыйым сала ма?

Қырғыздар ажырасқан әйелдерге желіге жазуға тыйым сала ма?
фото: ашық дереккөз
Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров өзінің орынбасары Еділ Байсаловқа әйелдердің әлеуметтік желідегі отбасы туралы жазбаларын бақылауды бастауды тапсырды

Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров өзінің орынбасары Еділ Байсаловқа әйелдердің әлеуметтік желідегі отбасы туралы жазбаларын бақылауды бастауды тапсырды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Министрлер кабинетінің басшысы ажырасқан әйелдер күйеуі мен оның ата-анасы туралы жаман пікір айтпауы керек екенін айтты.

"Дәстүрімізге, әдет-ғұрпымызға қайшы келетін ақпаратты таратуды шектеуіміз керек. Кейбір келіндер өз әкесін мақтап, қайын атасы мен енесін жамандайды. Ал ажырасқанда, олар әлеуметтік желіде өз пікірлерін жариялайды. Үлгі емес", — дейді Ақылбек Жапаров.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2023 жылы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 13 мыңнан астам адам зардап шексе, оның 95 пайызы – әйелдер.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар