5 жасар қызды өлтірген қылмыскерге жеңіл жаза берген судья жұмыстан босатылды
- авторОймақ
- 27 ақпан, 2024
- 317
Сарыағаш аудандық сотының судьясы Нұрқазы Шетеновтің жұмыстан шығарылды. Тиісті жарлыққа Президент қол қойған.
Аталмыш құжатта Нұрқазы Шетеновтың "тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін" сот алқасының шешімі бойынша қызметтен босатылғаны жазылған.
Естеріңізде болса, бұған дейін Нұрқазы Шетенов аудандық соттың басшысы қызметінен кеткені жарияланған еді. Шетеновтің қандай себеппен өтініш бергені нақтыланбаған.
Алайда шілде айында Жоғарғы сотта Шетенов соттың төрағасы қызметінен босатылатынын айтқан еді. Арада бір жарым ай өткен соң, оның өзі өтініш беріпті.
Айта кетейік, бұған дейін қыз баланы өлтірді деген күдікті былтыр мамыр айында темір торға қамалуы керек болған. Өкінішке қарай, судья басқаша шешім шығарған.
Күдікті 2006 жылы кісі өлтіргені үшін сотталған. 2023 жылдың мамыр айында жанжалда ішімдік ішу барысында ауылдастарын балтамен ұрғаны үшін сотты болған. Сол қылмыскер 5 жасар қызды аяусыз өлтіргені белгілі болды. Қылмыскер өмір бойы бас бостандығынан айырылды. Оған химиялық кастрация жасалады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.