жұма, 20 қыркүйек, 2024 12:53

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ресейге қарсы коалиция құрылды...

Ресейге қарсы коалиция құрылды...
Фото: Gonzalo Fuentes/AFP/Getty Images
Украинаға көмек көрсету бойынша Парижде өткен басқосуда Франция президенті Эмманюэль Макрон аталған елді қару-жарақпен қамтамасыз ету бойынша коалиция құрылғанын мәлімдеді.

Франция  президенті  Украинаға  алысқа жететін  зымырандар, оқ-дәрілер берілетінін айта келе, қажет болса Ресей агрессиясын тоқтату үшін елге батыстың құрлық әскерлері де жіберілуі мүмкін екенін жоққа шығармады. «Бүгінде ресми түрде құрлық әскерін  жіберу жөнінде  консенсус жоқ, бірақ ештеңені жоққа шығаруға болмайды. Біз Ресей соғыста жеңіп кетепуі  үшін  қолданк елгеннің бәрін жасаймыз»,-деді  Макрон. Шамасы Франция президенті Украинаға француз әскерлерінің аттануы жайлы тұспалдаған сыңайлы. Өйткені күллі еуропа елдерінің атынан оның мұндай сөз айтуы неғайбыл. Deutsche Welle таратқан ақпаратта «француз әскері» деген сөз қолданылды. Ал Макрон болса Еуропадағы тұрақтылық пен  қауіпсіздік үшін Ресей жеңілуі  керек деген пікірде. Әрі бұл көзқарас  еуропа елдері көшбасыларының көбіне ортақ болса керек.

Париждегі жиында  Еуропа елдері Украинаны қысқа және орта қашықтыққа арналған зымырандармен,  өзге қару-жарақпен қамтамасыз етуге келіскен. Соның ішінде еуропа елдерінің  қорынан да, үшінші елдерден де оқ-дәрі  беріледі. Сонымен қатар Ресейдің Украианада бастаған соғысы  тікелей қауіп төндіретін мемлекеттерді қорғау мәселесі де сөз болды. Әсіресе Молдоваға ерекше назар аударылмақ.

Париждегі кезедсуден соң  журналистер сұрағына жауап берген Чехия  премьер-министрі Петр Фиала Праганың үшінші елдерден  артиллериялық оқ-дәрілерді сатып алып, Украинаға беру жөніндегі бастамасын шамамен 15 мемлекеттің қолдағанын айтты. Соның ішінде Нидерланды  осы мақсат үшін 100 миллион еуро бөлуге әзір екенін  білдірген.

Естеріңізге салар болсақ,  осыдан оншақты күн бұрын Чехия президенті Петр Павел өз елінің 122 мм-лік 300 мың, 155 мм-лік 500 мың снаряд  қорын тапқанын мәлімдеген еді. Шамасы чех  дипломаттары бұл оқ-дәріні  үшінші елдерден алуға келіскен сыңайлы.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар