жұма, 4 қазан, 2024 22:32

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Тәуелсіздік жылдары Павлодарға 37 мыңнан астам қандасымыз көшіп келген

Тәуелсіздік жылдары Павлодарға 37 мыңнан астам қандасымыз көшіп келген
Фото: informburo.kz
Тәуелсіздік жылдары Павлодарға 37 мыңнан астам қандасымыз көшіп келген
Еліміз егемендік алған жылдан бері Павлодар облысының аумағына 37 мыңнан астам қандасымыз қайтып оралған. Олар Монғолия, Ресей, Түрікменстан, Өзбекстан және басқа мемлекеттерден көшіп келген. Павлодар облысына көшіп келіп жатқан қандастарымыздың саны еселене түсуде. Былтыр квота бойынша 972 адам қоныс тепсе, жыл басынан 907 адам жаңадан қандас мәртебесін алды. - Павлодар өңіріне тәуелсіздік жылдары 37 мыңнан аса қандасымыз оралды. Жыл басынан өңірімізге 907 қандас көшіп келіп, қандас мәртебесіне ие болды. Қандастарымыздың басым бөлігі Монғолия, Өзбекстан, Түркіменстан, Ресей және тағы басқа елдерден келді. Павлодар облысы ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген қабылдау өңірі болып табылады. 2023 жылы көшіп келіп, квотаға енген қандастарымыздың саны 972 адамды құраса, биылғы қандастарды қабылдау квотасы 1252 адамға ұлғайды. Казіргі таңда квотаға енген қандастарымыздың саны 989 адамды (223 отбасы) құрап отыр, - деп жауап берді Kazinform тілшісінің сауалына Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Дастан Вахабов. Өңірлік квотаға енген қандастарымыз арасында 244 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылған. 14 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысса, 2 адам қайтарымсыз грантқа ие болған. Ал 50-ге жуық отбасы баспана сатып алуға экономиқалық ұтқырлық сертификатын иеленіп отыр. Еске сала кетейік, жыл басынан бері елге 12 325 қандас келді.
Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар