Алматы әкімдігінің қаулы жобасына сәйкес, қала аумағында өсімдік карантині режимін енгізу жоспарланып отыр. Оның мақсаты – қала көшелері мен даңғылдарын, саябақтар мен аулаларды зиянкестер мен арамшөптерден қорғау.
Қаулыға сәйкес, карантин Алматы қаласының 6 ауданында енгізіледі:
- Алмалы – 0,997 га;
- Бостандық – 2,661 га;
- Жетісу – 1,07 га;
- Түрксіб – 16,11 га;
- Медеу – 0,56575 га;
- Наурызбай – 2 га.
Карантиннің жалпы аумағы – 23,40375 гектарға тең.
Карантин енгізілетін аумақтар тізімінде қала көшелерінен бөлек, Алматы қаласының халықаралық әуежайы, "Желтоқсан" саябағы, Орталық мәдениет және демалыс паркі, 28 панфиловшылар паркі аталған.
Карантин уақытында мамандар калифорниялық қалқаншалы сымыр, шығыс жеміс жемірі, мәрмәр қандаласы зиянкестерімен және жусан жапырақты ойраншөп, жіңішке жапырақты арам сояу, қызғылт жатаған у кекіре, көп жылдық ойран шөп арам шөптерімен күреседі.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Келесі мақала