жұма, 22 қараша, 2024 13:10

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Киіктерге экодуктар салу тиімсіз

Киіктерге экодуктар салу тиімсіз
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Киіктердің кедергісіз өрістеуі үшін экодуктар салу тиімсіз. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған.

Киіктердің кедергісіз өрістеуі үшін экодуктар салу тиімсіз. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған.

«Киіктердің популяциясын реттеу мақсатында Экология және табиғи ресурстар министрлігі ғылыми қоғамдастықпен бірлесіп, олардың санын бақылаудың, оның ішінде экодуктар салу арқылы тарихи өрістеу жолдарын қалпына келтірудің барлық ықтимал тәсілдерін қарастырды. Айталық, зерттеу барысында қымбат экодуктар салу киік популяциясының санына әсер етпейтіні анықталды»,- делінген Үкіметтің жауабынды.

Премьер-министрдің  айтуынша, бұл шешім киіктердің жол үстіндегі экодуктармен және жол астындағы өткелдермен жүрмейтінімен ғылыми негізделген. Өйткені олар ашық, тегіс ландшафттарда тіршілік етеді және биік құрылымдардан да, әртүрлі туннельдерден де қорқады.

«Осыған байланысты киіктердің кедергісіз өрістеуі үшін экодуктар салу тиімсіз. Өйткені бұл шаралар оң нәтиже бермейді. Экодуктардың орнына, ғылыми ұйымдардың ұсынымдарына сәйкес, тиісті ескерту белгілері мен қорғау қоршауларын орната отырып, киіктер өрістейтін учаскелерде еңіс беткейлер салу жоспарлануда»,- деді Олжас Бектенов.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар