сенбі, 23 қараша, 2024 7:54

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Кенесары ханның Құран кітабы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне табысталды

Кенесары ханның Құран кітабы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне табысталды
Facebook/Ерлан Қарин
Орталық қызметкерлері үш айға жуық ішінде Құранды қайта құрастырып шыққан.

Кенесары ханнан жеткен Құран Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне табысталды. Бұл туралы Ерлан Қарин фейсбук парақшасында жазды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында әйгілі Марал Ишанның Кенесары ханға сыйлаған Құран кітабының табылып, елімізге оралғанын сүйіншілеп жеткізген болатын. Жұртшылық халқымыздың соңғы ханы ұстаған киелі кітаптың Қазақстанға қайта оралуын жақсы ырымға балады. Президент тапсырмасына сәйкес, Құран кітапты шілде айында Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасына тапсырған едік. Өз кезегінде, Мүфтият оны Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығына реставрация жұмыстарын жүргізу үшін берді, - дед ол.

Орталық қызметкерлері үш айға жуық ішінде Құранды қайта құрастырып шыққан.

Алдымен кітап азот камерасына салынып, оның парақтарында сақталған түрлі зиянкестерден залалсыздандырылды. Одан кейін фотофиксациядан өткізіліп, әрбір беті мұқият шаңнан тазартылды. Жыртылған парақтары қайта бүтінделіп, мұқабасын ретке келтіріп, жетіспейтін тұстарына былғары жапсырылды. Соңында Құран қайта түптелді. Барлық реставрация жұмыстары халықаралық стандарттарға сай, кітаптың парақтарына, түптеуіне максималды зиян келтірмейтін түрде жүргізілді. Құранның конструктивті элементтеріне өзгерістер енгізбей, түпнұсқаның бастапқы түптеу, тігу, тоқу тәсілдері қолданылды,-деп жазады Ерлан Қарин.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар