жұма, 4 қазан, 2024 22:10

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Кісі қолынан мерт болған жүргізушінің туыстары әділдікті талап етуде

Кісі қолынан мерт болған жүргізушінің туыстары әділдікті талап етуде
Фото: Qaz365.kz
Марқұмның әйелі Лаура Омарова тергеу процесіне көңілім толмайтынын айтады.

Түркістан облысында екі ай бұрын кісі қолынан мерт болған такси жүргізушісінің туыстары тергеудің әділ өтуін талап етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.

Такси жүргізген Қайсар Керімбаевты үш жолаушы тепкінің астына алып, көлігін тартып алмақ болған. Марқұмның туыстары осылай дейді. Іс бойынша тек бір адам қамауға алынған.

Соққыдан ауыр жарақат алған азамат оқиға орнында жан тапсырған. Бірақ қанды қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бір ғана адам қамалған. Қара жамылған отбасы осы жайтқа күйінеді.

«Денесін өзім жуындырдым. Басынан миға қарай кіріп кеткен басы. Ешкім көріп жүрегі шыдай алмайды. Денесінің бәрі көгерген. Қолдарының барлығын жіппен байлаған. Бір адамның шамасы жетпейді ол істі істеуге. Үш адам істеген», – деді ол.

Үш жолаушының біреуі «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабымен қамауға алынған. Бірақ қара жамылған отбасы 43 жастағы азаматтың бірнеше адамның қолынан қаза тапқанына сенімді.

Марқұмның әйелі Лаура Омарова тергеу процесіне көңілім толмайтынын айтады. 

«Біреу ғана отыр. Екеуі жүр бостандықта. Мақсаттарын біз де түсіне алмадық. Вообще жұмбақ болып тұр ғой. Түсініксіз. Соны тергеуде анықтап берсе бізге. Не үшін машинасын алмақшы болды. Ішіп жеген ақшасының бәрін соның шотынан төлеген», - дейді ол.

Лаура Омарова күйеуінің өте сабырлы адам болғанын, екі-үш сағат бойы клиентті күтуге дайын адам болғанын айтады.

«Олардан ондай жауыздық күтпей қалды ғой өзі де. Клиенттерін білмейді екенмін. Соңғы рет көргенде танымай қалдым. Түрі өзгеріп, беті ісіп кеткен. Еріндері жырылған. Басында өте үлкен шишка болды. Беті жығылған. Көріп қорқып кеттім. Баламды да соңғы рет көрсін деп кіргіздім. Ол да шошып шықты. Олар көлігіне отырып алған да түспеген ғой. Өзі де құтыла алмаған. Таңертең сменге барамын десе де, «кетпейсің» деп ұстаған екен. Бұлармен алысқан. Видеолардың бәрін жойған дейді. Ешқайсысы кешірім сұрап келген жоқ. Түрлерін де білмеймін. Бір өзі мойнына алса, бір адам 8-10 жылға ғана кетеді екен. Іс жұмбақ болып тұр», - дейді марқұмның әйелі.

Марқұмның туыстары күдіктілердің барлығы қамалсын деген талаппен Сайрам аудандық полиция бөлімшесіне барған. Алайда тәртіп сақшылары қанды қылмыстың мән-жайы тергеу аяқталған соң белгілі болады деп қысқа қайырды. Жантүршігерлік оқиғадан кейін қылмысты жасырды деген күдікпен тағы екі адамнан жауап алынып жатыр дейді полиция.

«Оқиғадағы әрбір қатысушының яғни, екі тұлғаның іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады. Сонымен қатар негізгісінен бөлек қылмысты жасырып қалу дерегі бойынша қылмыстық іс тергелуде», - дейді Түркістан облысы полиция басқармасы бастығының орынбасары Асылжан Қалдарбеков.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар