Ербаян Мұхтардың анасы Гүлсім Қамиева Үмбетов пен Бапиге жауап берді
- авторОймақ
- 17 қыркүйек, 2024
- 116
Алты комада жатқан сарбаз Ербаян Мұхтардың анасы Гүлсім Қамиева Ұлттық ұланның бас қолбасшысының орынбасары Қайрат Үмбетов пен Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапиға жауап берді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін Қайрат Үмбетов сарбаздың емделу кезінде өкпенің қабынуы, іріңді гайморит жанама ауруына ұшырағанын айтқан.
"Тергеу тоқтап тұр, сот процесі жүріп жатқан жоқ. Ұлттық ұланның бас қолбасшысының орынбасары Қайрат Үмбетов айтқанымен келіспеймін. Пневмония мен гаймориттің кесірінен осындай күйге душар болды дегені мүлдем дұрыс емес. Осылай өзі диагноз қойғаны өте ыңғайсыз екен. баламның әскерге кеткенінше ешқандай ауруы болғаны жоқ. Тек аллегриясы бар еді. Әркім, өздеріңше диагноз қоя беруге болмайды ғой», - дейді Гүлсім Қамиев.
Сондай-ақ депутат Ермұрат Бапи мәжіліс кулуарында Ербаянға қатысты жағдай жасанды түрде өрбіп жатқанын, әскери немесе медицина өкілдерінің бірі әдейі теріс ақпарат таратуы мүмкін екенін айтқан болатын.
«Ермұрат Бапидың да айтқанын түсіне алмадым. Өзінің баласын да алдында не күтіп тұрғанын білмейді ғой. Маған ол кісінің айтқаны ауыр тиді. Өзім де ауырып қалдым. Мәжілісте отырып, осындай сөз айтқаны өте ұят», - дейді сарбаздың анасы.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.