жұма, 20 қыркүйек, 2024 6:52

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"О дүниеге аттанбас бұрын психотроп препарат қолданған ба?: Алматыда сегізінші қабаттан құлаған екі оқушы қызға қатысты деректер пайда болды

"О дүниеге аттанбас бұрын психотроп препарат қолданған ба?: Алматыда сегізінші қабаттан құлаған екі оқушы қызға қатысты деректер пайда болды
фото: ашық дереккөз
Мән-жайды полиция анықтап жатыр.

О дүниеге аттанбас бұрын психотроп препарат қолданған ба? Алматыда 7-сыныптың екі оқушысы сегізінші қабаттан құлап қайтыс болды. Жеткіншектер секіріп кеткен жерден тұрғындар адамның бұлшық етін босатып, ұйықтататын әсері бар неше түрлі дәрі тауып алған, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Мән-жайды полиция анықтап жатыр. Белгілі болғаны – екі жеткіншек сабақ ортасында мектептен қашып кеткен.

Біз жеткенше, екі оқушының денесін алып кеткен екен. Айналаны сумен тазалап тастаған. Бірақ қан іздерін осы жақтан әлі көруге болады.

Куәгерлердің айтуынша, жеткіншектің екеуі дәл осы төңірекке құлаған. 12-13 жастағы қыздардың құлағанын көргендер көп. Қаланың қақ ортасындағы сегіз қабатты үйдің шатырынан 11-лерге таман секіріпті.

– Шалынып түсуі мүмкін емес. Екеуі бірге секірген, – деді Жүсіп Сәйтмұратов. 

– Біреуі етпетінен, екіншісі шалқасынан жатты. Екеуі де мектеп формасында болды, – дейді Галина Васильева. 

Ақ көйлек, қара шалбар киіп, арқасына сөмке асып алған екі қыздың сол үйдің алдында жүргенін бақылау камерасынан көруге болады. Бұл кадрлар сол қайғылы оқиғаға дейін түсірілген. Әу баста екеуі курьердің артынан кіріп үлгере алмай қалады. Көп ұзамай, есік қайта ашылғанда лезде ішке ұмтылады. Сөйтіп шатырына дейін көтеріліпті.

Қайтыс болған 12-13 жастағы екі қыз №25 мектепте оқыған. Екеуі екінші сабақтан кейін күзетшіге «дүкенге барамыз» деп, кетіп қалған дейді. Алайда оқу ошағындағылар қыздарға қатысты қандай да бір пікір білдіруге құлық танытпады.

Полицейлер де толық ақпарат бермеді. Оқушы қыздар биіктен байқаусызда құлады ма, әлде өздері секіріп кетті ме? Бұл сұрақпен енді тәртіп сақшылары айналысады. 

– Алмалы ауданы Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себеп-салдары мен мән-жайы анықталып жатыр. Алматы қаласының Білім басқармасы да арнайы комиссия құрыпты. Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтауға олар да кіріскен, – деді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар