Алматыда биік үйден құлап, көз жұмған оқушының бірі экологтың қызы болып шықты
- авторОймақ
- 16 қыркүйек, 2024
- 138
Бұған дейін Алматыда биік үйден құлап көз жұмған екі оқушы қыздың бірі эколог Евгений Мұхамеджанов пен суретші Балқия Мұхамеджанованың қызы болып шықты, – деп хабарлады Oimaqnews.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Қызының қазасы туралы Балқия Мұхамеджанова әлеуметтік желідегі парақшасында жазған.
«Біздің жақсы көретін қызымыз, біздің кішкентай періштеміз қаза тапты. Сенбеймін, мүмкін емес, сене алар емеспін», - деп жазды Балқия Мұхамеджанова.
Бұл ретте әлеуметтік желіде Алматы қаласында бүгін секіріп өлген бұл екі оқушы ғана емес деген ақпарат тарап жатыр. Полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Әлеуметтік желіде бүгін Алматыда бір мезетте бірнеше бала өз-өзіне қол жұмсады деген ақпарат тарап жатыр. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұрын хабарланғандай, екі қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады Алматы полициясы.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.