"Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм"
- авторОймақ
- 13 қыркүйек, 2024
- 312
Ел реформасын өзгертуде Президент негізгі тоғыз бағытты атап көрсетті:
- Ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою қажет.
- Инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту жолында үздіксіз жұмыс істеу маңызды
- Еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты шаралар қабылдау қажет.
- Инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу қажет.
- Еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыру өте маңызды.
- Ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту керек.
- Экологиялық ахуалды жақсарту – алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі. Біз қоғамда қоршаған ортаны қорғаудың мән-маңызын кеңінен дәріптеуіміз керек.
- Мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін барынша арттыру керек.
- Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру қажет.
Осы бағыттарды қолға алып, іске асыру аясында Қасым-Жомарт Кемелұлы жеке кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, бағаны орнықтыру саясатында мемлекеттік қатынасты азайта отырып, кәсіп пен тауардың өзектілігін айтты. Сонымен қатар салықтық бақылау қызметін сандық форматқа өзгерту, дифференциалды салық мөлшерлемесіне көшу мәселесі де талқыланды.
Жолдаудың бесінші бағытында Президент Қазақстандағы кадрлық әлеуетті көтеру мақсатында 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияламақ. Жоғары оқу орындарынан бөлек, кәсіптік және техникалық орта білім беретін мекемелердегі талапкерлер сапасын арттыру, білім беру жүйесіне реформа жасау да қолға алынбақ. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзе асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының аясында бүгінде 1300-ден астам мектеп қалыпқа келтіріліп, қолданысқа берілді. Үкімет тарапынан бөлек, демеушілер мен жеке кәсіпкерлерден де қаражатпен қамтамасыз ету жоспарда бар.
Жалпы инвестицияның статусын көтеруге талпынсақ, елді мекендердегі медициналық ұйымдар мен ауруханаларды, мектептерді, орта және шағын бизнесті қолдау, оған инвестиция тарту – айқын мәселе. Одан бөлек, елімізге сапалы кадр тарту мақсатында тиімді көші-қон саясаты мен құқық органдарындағы апелляцияға беру ережесі мен соттық алымдарды өзгерту ұсынылды.
Қорытындылай келе, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы соңғы жолдауында келесідей мәселелерді алға қойып, оны шешу жолдарын тапсырды:
- Қаржылық сауаттылық
- Несие саясаты
- Бизнес-инвестиция
- Өнеркәсіп саласын ілгерілету
- Телекоммуникация желілері мен әуе хабтарын дамыту
- Оқытушылар мен мұғалімдер кадрын жақсарту
- Білім сапасын көтеру
- Медициналық мекемелерді көбейту
- МӘМС жүйесін дамыту
- Орман алқаптарын көбейту
- «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясын жүзеге асыру
- Сайлау жүйесіндегі реформа
- Жүргізушілерді даярлау жүйесін көтеру
- Есірткі саудасына қарсы күрес
Болашақта тізімдегі барлық мәселелер өз шешімін тауып, халықтың үдеуіне құлақ асатын Әділетті мемлекет болатынымызға үмітіміз зор. Ал Қасым-Жомарт Кемелұлы ұсынған конституциялық жаңалықтар мемлекетті монополизациялауға ұшыраудан сақтап, ашық бәсекелестік орныққан, әділетті Қазақстанды құруға мүмкіндік береді деп сенеміз.
Назерке Далелханқызы,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының аға оқытушысы
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Аламанда қазақтың аты озды
Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде итті аяусыз пышақтаған бала бұған дейін де мектепішілік есепте тұрған
- авторОймақ
- 3 қараша, 2024