жұма, 22 қараша, 2024 0:15

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

ЕҰУ ғалымдары ChatGPT-дің қазақша баламасын жасады

ЕҰУ ғалымдары ChatGPT-дің қазақша баламасын жасады
фото ашық дереккөздерден алынды
Жасанды интеллект енді қазақ тілінде қолжетімді болмақ. Ғылыми-зерттеу университетіне айналған Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Жасанды интеллект ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары ChatGPT чат-ботының қазақ тіліндегі отандық аналогын жасап шығарды.

Жасанды интеллект енді қазақ тілінде қолжетімді болмақ. Ғылыми-зерттеу университетіне айналған Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Жасанды интеллект ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары ChatGPT чат-ботының қазақ тіліндегі отандық аналогын жасап шығарды.  Бұл жетістік туралы ЕҰУ профессоры Мұратбек Тоқтағазин  өзінің Фейсбуктегі парақшасында хабарлады. 

«СҮЙІНШІ, ДОСТАР! Бұл өзі ғылымдағы СЕНСАЦИЯ болайын деп тұр. Енді басқа тілге алаңдамай қазақша жасанды интеллект қолданатын боламыз, жақын уақытта. ЕҰУ ғалымдары ChatGPT-ДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ПРОТОТИПІН ЖАСАДЫ. Ғылыми-зерттеу университетіне айналған Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Жасанды интеллект ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары ChatGPT чат-ботының қазақ тіліндегі отандық аналогын жасап шығарды» — деп жазды Мұратбек Тоқтағазин.

Соңғы уақытта жасанды интеллект ғаламторда пайда болғаннан бастап ғылыми-зерттеу жұмыстарында қарқын артты.

 «Қазір әрбір университет осы жарыс көшінен қалмауға тырысып отыр. Солардың көшін бастап тұрғандардың басында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті де бар. Қазір айына бірнеше жаңалықтың куәсі болу қалыпты жағдайға айналды.ЕҰУ ғалымдары мемлекеттік тілдегі жасанды интеллект жүйесін 5 айдың ішінде әзірледі. ChatGPT чат-ботының қазақстандық үлгісі үлкен көлемдегі деректерді талдай алады, сұрақтарға жауап береді, мәтіндер құра алады, сонымен қатар қазақ тілінің барлық морфологиялық және синтаксистік ережелерін біледі.Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ „Жасанды интеллект“ ғылыми-зерттеу институтының директоры Әлібек Барлыбаевтың сөзі ғылыми жұртшылықты дүр сілкіндірері анық: "Біз қазақ тілінде бірінші ірі LLM тіл үлгісін жасадық. Жүйе нейрондық желі архитектурасы негізінде қазақ тіліндегі кез келген мәтінді түсінуге және өз біліміне сәйкес жауап беруге қабілетті" — деді ол. 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар