Тәрбиеші болған жоқ: баланы Алматыдағы балабақшада қатты соққыға жыққан
- авторОймақ
- 23 ақпан, 2024
- 352
Алматыда балабақша тәрбиеленушілері бүлдіршінді соққыға жыққан. Бақылау камерасының бейнежазбасынан тәрбиеленушілердің бірі отырған баланы жерге қалай лақтырып жібергені, содан кейін басқа балалардың оны тепкілеп, жұдырықтай бастағанын көруге болады.Оқиға 21 ақпанда болған. Жәбір көрген баланың анасының айтуынша, бұл мезетте тәрбиеші жұмыс орнында болмаған.
"Біздің баламызды аяусыз соққылаған. Бұл үздіксіз тұп-тура бес минутқа созылған. Тәрбиеші орнында болмай, өз жұмыстарымен шығып кетіпті. Миы шайқалып, емделуге ауруханаға жатқыздық. Кішкентай балалардың да қатігездігін көріп, шошып отырмыз. Әлде бұл ата-аналардың тәрбиесінен кеткен қателік пе? Әлде? Баламыз бұл оқиғадан кейін жиі жылайтын болды, – дейді анасы.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.